378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда заңсыз қара және түсті металл тиеген «Газель» ұсталды

  • 360
  • UPD: 19:14, 27.01.2019
Павлодарда заңсыз қара және түсті металл тиеген «Газель» ұсталды SN.kz

Облыстық полиция департаменті қаладағы күзет агенттіктерімен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық, бірлесіп патруль жүргізу туралы туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Бүгінгі күні осы бағыттағы жұмыс өз нәтижесін беруде», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде. Таңғы уақытта Солтүстік өнеркәсіп аумағындағы өндірістік базалардың бірінде күзетші қойманың маңында сақталған металл бұйымдарды артып жатқан ер адамды көріп қалған. Осылайша, ол дабыл белгісінің көмегімен күзет агенттігінің қызметкерлерін шақырған.

Тез арада келіп жеткен күзет құрылымының қызметкерлері оқиға орнында «Газель» автомашинасының тұрғанын байқап, артына түскен. Нәтижесінде олар бес ер адамды анықтап ұстап, полицияға табыстаған. Тоқтатылған автомашина қара және түсті металлмен толтырылған.

Аталмыш факті бойынша қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы