378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда жасөспірімді қатарластары соққыға жықты

  • 267
  • UPD: 11:20, 28.01.2019

Алматыдағы жол апатынан жолаушы зардап шеккен. Сонымен қатар базарды тонап келген қылмыскерлер анықталды.

Қарағандыда белгісіз біреулер 11 жасар баланы соққыға жықты. Оқиға жергілікті дәмханалардың бірінде болған. Бұзақылар тамақтанып отырған жасөспірімді балағаттап, орнын босатуды талап еткен. Алайда ол бас тартқан. Осы кезде далаға алып шығып, 7 бала жабылып, күш жұмсапты. Төбелесті камерадан байқап қалған дәмхана күзетшілері дереу сыртқа шығып, жәбірленушіні арашалап алды. Абырой болғанда, жасөспірім қатты жарақат алған жоқ.  

Ақтауда ұры ұсталды

Ал ақтаулық полицейлер өзгенің қалтасына қол сұғып, оңай олжаға дәніккен ұрыны ұстады. Тәртіп сақшыларының қылмыскерді ұстау сәтін қала тұрғыны ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялады. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасап, істі болғанын хабарлады. Бір ай бақылауда болған ол кезекті қылмыс жасау үстінде қолға түскен. Қазір тергеу изоляторында отыр.

Жүк көлігі көше ортасында аударылып қалды

Алматы қаласының Абай даңғылы бойында жол апаты болды. Қатты жылдамдықпен келген автокөлік бұрылыста аударылып қалған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, жүргізуші есінен танып қалып, көлік тізгініне ие бола алмаған. Жол апатынан ол ауыр жарақат алды. Қазір ауруханада тиісті ем-домын алып жатыр.

Жол апатынан жолаушы зардап шекті

Алматы қаласында екі жеңіл көлік соқтығысып, жолаушы зардап шекті. Жансүгіров пен Арзамасская көшелерінің қиылысында «Ауди» автокөлігі бұрылмақшы болып тоқтаған. Осы кезде соңынан келе жатқан екінші көлік жылдамдығын тежей алмай, соғылыпты. Соның салдарынан алдыңғы көлік жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Ал оқыс оқиғадан соңғы көліктің жолаушысы ауыр жарақат алды. Ол қауіпсіздік белдігін тақпай, әйнекті басымен сындырған. Қос жүргізуші мен қалған жолаушылар аман.

Қарағандыда базарды тонаған ұрылар анықталды

Қарағандыдағы «Самал» базарында қылмыскерлер қараусыз қалған тауарларды жымқырып келген. Олардың кезекті бір ұрлығы даладағы бейнекамераға анық түсіп қалыпты. Белгісіз екі азамат дүкен алдына қойылған тауарды қолды қылған. Камераның көмегімен қазір олардың кім екені анықталды. Шығынға батқан бірнеше саудагерден арыз түскен.

Хабар 24 телеарнасы