375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда бір күнде жігіт пен бойжеткен жоғалып кетті

  • 258
  • UPD: 14:05, 29.01.2019
Қостанайда бір күнде жігіт пен бойжеткен жоғалып кетті Zakon.kz

20 қаңтар күні Елдос Дүйсенов үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Сол күні 25 жастағы Салтанат Көкенова да із-түзсіз жоғалып кеткен.

Елдостың бойы 180-185 см, арық денелі, қоңыр көзді, қара шашты. Үстіне джинс шалбарын және көк түсті кроссовка, қара түсті пуховик киген.

Салтанаттың бойы 170-175 см, шашы беліне дейін келеді, боялған, үстінде капюшонды сұр түсті пуховик болған.

Қостанай қаласының ІІБ полицейлері жас жігіт пен бойжеткенге қатысты қандай да ақпараттарды білетіндерге 8702-492-99-92, 8 747-655-21-63, 52-68-61 немесе «102» нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы