388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда 11 жастағы баланы соққыға жыққан оқушылар есепке қойылды

  • 597
  • UPD: 15:00, 29.01.2019
Қарағандыда 11 жастағы баланы соққыға жыққан оқушылар есепке қойылды

Қарағандыда тәртіп бұзған оқушылар мектепішілік есепке қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын жергілікті дәмхананың бірінің алдында жасөспірімдер жабылып, бір баланы соққыға жыққан болатын. Жарақат алған оқушының ата-анасы полицияға шағымданды. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Төбелеске қатысқан қаладағы екі мектептің 4-6 сынып оқушылары. Оқиғадан соң бұл екі білім ошағында да шұғыл жиын өтіп, осындай шешім қабылданды. Бұзақылық жасаған балалармен және олардың ата-аналарымен ұстаздар, психологтар және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жұмыс істеп жатыр.

Ардақ Қарашина, Қарағанды қаласы №16 мектеп директорының міндетін атқарушы:

- Ол балаларға ескертілді. Келешекте ол балалар полицияның өзінде есепке қойылады. Сол арқылы ол балаларды үнемі полиция қызметкерлері тексеріп отырады. Ішіндегі бір бала, төбелеске қатысы бар бала негізінде мектепішілік есепте бұған дейін де тұрған. Ол баланың ата-анасына да ескерту жасалды.

Хабар 24 телеарнасы