378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да тұрғын пышақ жарақатынан мерт болды

  • 309
  • UPD: 17:52, 29.01.2019
БҚО-да тұрғын пышақ жарақатынан мерт болды Report.az

Жаңақала ауданында 30 жастағы тұрғын пышақ жарақатынан мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға аудан орталығы Жаңақала ауылында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, бүгін түнгі сағат 00:35-те бейтаныс адам өз көлігімен 1989 жылғы тұрғынды ауруханаға алып келген. Жігіт операция кезінде сағат 03:05-те қайтыс болды. «1986 жылғы ер адам аудандық аурухананың хирургия бөлімінде. Ол да пышақ жарақатын алған», – деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы