389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 4 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

  • 609
  • UPD: 18:58, 29.01.2019
Атырауда 4 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті ОТВ

Атырауда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 4 жасар бала көптеген жарақаттармен жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бала Атырау облыстық балалар ауруханасына көптеген жарақаттармен жеткізілді. Баланың басынан қан кетіп, ауыр деңгейде жарақаттанған, иық және жамбас сүйектері сынған», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы