389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында екі қария газдан уланып көз жұмды

  • 547
  • UPD: 16:03, 30.01.2019
Жамбыл облысында екі қария газдан уланып көз жұмды inform.kz

Шу ауданында екі қарт адам газдан уланып қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«29 қаңтар күні Шу ауданының Қонаев ауылындағы жеке үйлердің бірінде қатты отын жағатын пештегі ақау салдарынан екі азамат иіс газынан уланып, қаза тапты», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Марқұмдардың бірі 89-да, екіншісі 83 жаста болған.

«Оқиға орнына ТЖД және кезекші жедел тергеу тобының қызметкерлері шұғыл жетті. Соңғы кездері жеке сектор үйлеріндегі пештерді, жылу қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан қайғылы жағдайлар жиі туындап жүр. Атап айтқанда 27 қаңтар күні облыс орталығындағы жеке үйлердің бірінде 37 жастағы азамат иіс газынан уланып, қаза тапқан болатын», - дейді департамент өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы