378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да боран салдарынан 20-дан астам көлік жолда қалды

  • 343
  • UPD: 20:46, 30.01.2019
ШҚО-да боран салдарынан 20-дан астам көлік жолда қалды

Шығыс Қазақстан облысында боран салдарынан 20-дан астам көлік жолда қалды.

Облыстағы Алматы-Өскемен тас жолы бойында бірнеше көлік ақ түтек боран салдарынан жүре алмай,жол үстінде тұрып қалған. Жолдың 852-ші және 858-ші шақырымында 9 жүк көлігі қар құрсауында қалып, көмекке жүгінген. Қазір 5 техника жолды екі жақтан қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылды. Сонымен қатар жол бойындағы дәмханаларда жолдың ашылғанын күтіп, тағы 14 көлік тұр.Жалпы 20-дан астам жолаушы діттеген жерлеріне жете алмаған. Төтенше жағдайлар департаменті жолда қалғандарға дереу көмек көрсету үшін жедел штаб құрды.

Хабар 24 телеарнасы