375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада көктайғақта 15 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

  • 324
  • UPD: 22:45, 30.01.2019
Қызылордада көктайғақта 15 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

Қызылордада көктайғақ салдарынан 15 жолаушысы бар бағдарлық автобус аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш оқыс жағдай облыс орталығынан қалаға қарасты Талсуат елді мекеніне барар жолда орын алды.

«Автобуста болған 15 жолаушыға медициналық мекемеде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бүгін көктайғақ салдарынан қала іргесіндегі Белкөлден Қызылордаға бет алып келе жатқан КаМАЗ көлігі Жаппасбай батыр мен Сұлтан Бейбарыс көшелері қиылысындағы көпір астындағы темір қоршауға соғылды. Көлік жүргізушісі қалалық ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы