378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада көктайғақ салдарынан қоғамдық көлік аударылды

  • 309
  • UPD: 15:38, 31.01.2019

№31 бағыттағы шағын автобус Талсуат елді мекені маңында мұзға тайып, бір жағына құлаған, деп жазады «Хабар 24».

Оның ішінде болған 15 жолаушының 14-і дәрігер қарауынан кейін үйіне қайтарылса, біреуі ауруханаға жатқызылды. Жалпы, кешелі бері ауа райының қолайсыздығынан облыс бойынша 17 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам ауруханаға түсті. Ал қала көшелерін мұздан тазалауға бір ауысымда 12 техника мен 135 адам жұмылдырылды. 180 тонна құм мен тұз аралас қоспа себілді. Дегенмен қалалық аурухананың травматология бекетіне жарақатпен қаралғандар саны соңғы күндері арта түскен. 

Қадірбек Әліпов, дәрігер-травматолог:

- Қаңтар айының 30-31-іне қараған бір тәулікте қалалық аурухананың жарақат бекетіне 121 науқас келіп қаралды, оның ішіндегі 7 науқас ауруханаға жатқызылып, қазіргі таңда операция жасауға дайындалуда. Науқастардың жалпы жағдайы тұрақты, ем алуда. Ауа райының қолайсыздығына байланысты көшеде тайып құлаған және жол-көлік оқиғаларынан жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы