378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында көктайғақтан 121 адам жарақат алды

  • 261
  • UPD: 12:24, 01.02.2019
Қызылорда облысында көктайғақтан 121 адам жарақат алды

Қызылордада құбылмалы ауа райы әлі де сақталып тұр. Жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласуда.

Соның салдарынан қалалық аурухананың травматологиялық бөліміне түрлі дене жарақатымен 121 адам түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа райының қолайсыздығынан жол-көлік апаттары да жиілеп кетті. №31 бағыттағы шағын автобус көк мұздан тайып, аударылып қалған. Оның ішінде болған 15 жолаушының 14-і дәрігер қарауынан кейін үйлеріне қайтарылса, біреуі ауруханаға жатқызылды. Жалпы бірер күнде облыс бойынша 17 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам ауруханаға түскен. Ал қала көшелерін мұздан тазалауға бір ауысымда 12 техника мен 135 адам жұмылдырылды. 180 тонна құм мен тұз аралас қоспа себілді.

Хабар 24 телеарнасы