378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында жеті автокөліктің қатысуымен жол апаты болды

  • 397
Жамбыл облысында жеті автокөліктің қатысуымен жол апаты болды Тengrinews.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жамбыл облысындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Кадрларда жыраға түскен, кейбірі едәуір зақымданған бірнеше көлік көрінеді. Видео авторы мұнда 200-ге жуық көлік барын, ал апатқа түскендері қозғалысты бәсеңдетіп тұрғанын айтады. Сондай-ақ ол жүргізушілер сапарын жалғастыру үшін көліктерді жол жиегіне итергендерін және қалың тұман мен ауа райының қолайсыздығы көлік айдауға кедергі келтіріп тұрғанын баяндады.

Облыстық полиция департаменті өкілдері оқиға 1 ақпанда кешкі сағат 17:10 шамасында Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолында болғанын растады.

– Жолдың 552-шақырымында қалың тұман салдарынан жеті автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Жуалы аудандық орталық ауруханасына бір адам, Тараз қаласындағы №1 қалалық ауруханаға екі адам жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ. Тіркелген факті бойынша жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты хаттама толтырылды. Барлық жеті автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Сараптама тағайындалып, оқиғаның себептері анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Хабар 24 телеарнасы