378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада уақытша тұрғызылған баспана өртінен 5 бала қаза тапты

  • 930
  • UPD: 13:21, 04.02.2019
<span class=favorites>Астанада уақытша тұрғызылған баспана өртінен 5 бала қаза тапты</span>

Астанадағы өрт кезінде бес бала мерт болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Астана қалалық ТЖД «101» пультіне сағат 02:34-те Сарыарқа ауданындағы Шыңғыстау көшесіне орналасқан жеке үйдің ауласындағы уақытша тұрғызылған баспанада өрт болып жатқаны туралы хабар түскен. 30 шаршы метр ауданды шарпыған жалын салдарынан 25 шаршы метрлік төбесі жабынды опырыла құлаған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бөлімшесі тілсіз жауды 03:06-да ауыздықтап, 03:24-те толықтай сөндірді. Өрт орнынан 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018  жылдары туған бес баланың мәйіті табылды. Олардың әке-шешесі жұмыста болған. Өрт сөндіруге Астана ТЖД-нің 17 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ ТЖК Орталық аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағының 4 адамы мен 1 техникасы тартылды.

Хабар 24 телеарнасы