378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«ҚТЖ» ҰК Қостанай филиалының басшылары пара алып жатқан жерден ұсталды

  • 406
  • UPD: 14:02, 04.02.2019

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Қостанай филиалы басшылары пара алу сәтінде ұсталды. Серіктестіктің бірін  вагондармен уақытылы қамтамасыз еткені үшін филиал бастығына бір миллион теңге берілмек болған.

Осындай қызмет түрін ұсынбақ болған филиал бастығының және Қостанай станциясы бастығының орынбасарлары бес миллион 100 мың теңгемен қолға түсті. Сондай-ақ филиалдың бас инженері де тұтқындалды. Барлық дерек Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөліміне сәйкес заңсыз әрекетпен пара алғаны үшін сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Аталған бап бойынша параның 50-ден 60-қа дейін еселенген сомасында айыппұл салу немесе мүлікті тәркілеумен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары қолданылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы