378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда судья 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды

  • 257
  • UPD: 17:52, 04.02.2019
Алматыда судья 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды

Алматы қалалық Әуезов ауданы № 2 сотының судьясы Андрей Штейнке 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

2019 жылы 2 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының және Жоғарғы сот ішкі қауіпсіздік бөлімінің мамандарының өзара бірлесіп жүргізген іс-шаралары барысында Андрей Штейнке ұсталған.

Қазіргі уақытта қажетті жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы