375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 46 жастағы адам із-түзсіз жоғалып кетті

  • 246
  • UPD: 12:36, 05.02.2019
Жамбыл облысында 46 жастағы адам із-түзсіз жоғалып кетті auto.rambler.ru

Оқиға Мойынқұм ауданында тіркелді. Ол 31 қаңтар күні Жамбыл ауылынан шығып, қайтып оралмаған.

Жоғалған азамат 5 күннен бері табылмай жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті берген мәліметке сәйкес тұрғын жеңіл көлікпен 15-20 шақырым жердегі шаруа қожалыққа қарай шыққан көрінеді. Қазір іздестіру жұмыстарына 50-ден астам адам, 10-ға жуық бірлік техника, 1 тікұшақ жұмылдырылды. Сонымен қатар іздеу шараларына Тараз қаласынан қосымша 20-ға жуық адам мен бірнеше иісшіл иттер бағытталды.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы