378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде полиция қызметкерлеріне тиісті автокөлік қарияны қағып кетті

  • 277
  • UPD: 13:48, 05.02.2019
Өскеменде полиция қызметкерлеріне тиісті автокөлік қарияны қағып кетті altaynews.kz

Оқиға Стаханов көшесі мен және Тәуелсіздік даңғылының қиылысында болған.

Жедел мәліметтер бойынша қарт әйел реттелетін жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп келе жатқан. Дәл осы сәтте оны полиция көлігі қағып кетті. Белгілі болғандай, ол көлік Глубокое аудандық полиция бөліміне тиісті екен. Қазір зардап шеккен әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сай аталған дерекке орай ҚР ҚК 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы