432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды

  • 1029
  • UPD: 16:01, 05.02.2019
Астанада жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды

Елордада қоғамдық көліктердің бірі аялдама павильонына соғылды. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«2019 жылдың 5 ақпанында қалалық бағдардағы автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесіндегі аялдама орнына жақындай бере көлікті басқара алмай, жабық типтегі аялдама павильонына соғылды», - делінген компанияның хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша апатқа жердің тайғақтығы себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы