378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды

  • 292
  • UPD: 16:18, 05.02.2019
Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды news.day.az

Қарағанды облысының Осакаров ауданында Трудовое ауылынан 5 шақырым жерде «Қарағанды-Молодежный» тасжолында 40 жастағы Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, 45 жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы Lada автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісімен оның үш жолаушысы алған дене жарақаттардың салдарынан оқиға орнында қаза болса, Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілген.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Авторы: Айнұр Абдиева

Хабар 24 телеарнасы