378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде полицияға тиесілі автокөлік қарияны қағып кетті

  • 251
  • UPD: 17:54, 05.02.2019
Өскеменде полицияға тиесілі автокөлік қарияны қағып кетті

Оқиға Стаханов және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған. Жедел мәліметтер бойынша қарт әйел жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп келе жатқан.

Дәл осы сәтте оны полиция көлігі қағып кетті. Белгілі болғандай, ол көлік Глубокое аудандық полиция бөліміне тиесілі екен. Қазір зардап шеккен әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, ҚР ҚК 345 бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы