378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада бүгін түнде 14 адам үсіп қалды

  • 309
  • UPD: 13:25, 06.02.2019
Астанада бүгін түнде 14 адам үсіп қалды Zakon.kz

Қатты аяз салдарынан дене мүшелерін үсік шалғандар көбейіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін түнде 14 елордалық тұрғынға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың екеуі ауруханаға өздері жүгінсе, қалғанын жедел жәрдем алып келген. Қатарында 4 бала бар. Бүлдіршіндердің бірі 2017 жылғы. Қазір сәби №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр халде. Қалғандарына да тиісті медициналық көмек көрсетілді. Олар үйлеріне қайтарылған.

Хабар 24 телеарнасы