378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ұялы байланыс компаниясының қызметкері абоненттерден 3 млн теңге ұрлаған

  • 211
  • UPD: 13:27, 06.02.2019
Астанада ұялы байланыс компаниясының қызметкері абоненттерден 3 млн теңге ұрлаған © sharij.net

Астанада ұялы байланыс компаниясының 28 жастағы бұрынғы қызметкері абоненттердің шоттарынан қаражат жымқырған, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаменіне сілтеме жасап.

2017 жылдың басынан бастап 2019 жылдың қаңтары аралығында ұялы байланыс компаниясына теңгерімдерінен түрлі сомалар (10 000 мың теңгеден 50 000 теңгеге дейін) жоғалып тұратыны туралы абоненттерден шағымдар келіп түскен. Жалпы шығын 3 000 000 теңгені құрап отыр.

Жедел-тергеу іс-әрекеттері барысында Астана қаласы Криминалдық полиция қызметкерлері ұялы байланыс компаниясының 28 жастағы бұрынғы қызметкерін ұстады, одан тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеп-тексеру барысында күдікті әлеуметтік инженерияның тәсілдерін пайдалану арқылы абоненттердің шоттарына қол жеткізгені анықталды. Содан кейін қысқа мерзімге сөндіріп қойған және осы кезде ақшалай қаражатты жымқырған. Ақшалай қаражат көптеген бір күндік абоненттік нөмірлер және жалған тұлғалардың банктік карточкалары арқылы бірден-бірге аударылып отырған.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) тергеп-тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы