378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талғарда көпқабатты үйдің балкондары өртеніп, 35 адам эвакуацияланды

  • 251
  • UPD: 15:52, 06.02.2019
Талғарда көпқабатты үйдің балкондары өртеніп, 35 адам эвакуацияланды Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Қызыл жалынды сөндіру барысында 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 12-сі бала, тағы бір адам I топтағы мүгедек.

Талғарда тұрғын үйдің үш қабатында орналасқан балкондар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 ақпан күні сағат 12:39-да Алматы облысының ТЖД-ға Талғар қаласы Қарасай батыр көшесі, 38 мекен жайында орналасқан төрт қабатты үйдің 2-3-4 қабаттарындағы балкондардың жанып жатқандығы жайлы ақпарат келіп түсті. Өртті сөндіру барысында аталған үйдің 35 тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды, оның 12-сі бала. Сонымен қатар бір I топтағы мүгедек адам құтқарылды. Қызыл жалын 12:47-де тоқтатылып, 13:11-де толықтай сөндірілді. Абырой болғанда, жалын пәтер ішіне тарап үлгерген жоқ»,- делінген хабарламада.

Тілсіз жауды сөндіруге 10 өрт сөндіруші маман мен 3 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Жалын 3 балконды қосқанда 35 шаршы метр аумақты шарпыған.

Хабар 24 телеарнасы