378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Полиция көлігі қағып кеткен Өскемен тұрғыны ауруханада көз жұмды

  • 212
  • UPD: 16:15, 06.02.2019
Полиция көлігі қағып кеткен Өскемен тұрғыны ауруханада көз жұмды VistaNews.ru

Өскеменде полиция көлігі қағып кеткен қала тұрғыны қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Жол-көлік оқиғасы кеше сағат 10.30 шамасында Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында болған. Ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен жаяу жүргінші бүгін таңертең жан тапсырды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті мәлімдеді.

«Полиция қызмет көлігінің қатысуымен болған жол апатына байланысты қылмыстық іс енді ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша жүргізілуде», – деп мәлімдеді ПД.

Департаменттің мәлімдеуінше, іс бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сот-автотехникалық сараптамасы тағайындалды. Тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып, жиналған материалдар негізінде заңды процессуалдық шешім қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы