377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

382 млн теңге жымқырған қарағандылық Болгариядан елге экстрадицияланды

  • 235
  • UPD: 10:49, 07.02.2019
382 млн теңге жымқырған қарағандылық Болгариядан елге экстрадицияланды

Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Болгариядан экстрадициялады.

Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығында Қарағанды облысы Ақтау елді мекеніндегі «Central Azia Cement» АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 млн теңге сомасына ақшалай қаражатын жымқырғаны үшін күдікті болып отыр.

Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген еді, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланған.

Адамды экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының болгарлық әріптестерімен үйлесімді әрекеттерінің арқасында мүмкін болды.

Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

prokuror.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы