375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысындағы қайғылы жағдай: Отбасынан айырылған қыздарға пәтер беріледі

  • 329
  • UPD: 16:24, 07.02.2019
Павлодар облысындағы қайғылы жағдай: Отбасынан айырылған қыздарға пәтер беріледі tengrinews.kz

Павлодар облысында қайтыс болған көпбалалы отбасындағы аман қалған екі қызға пәтер беріледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Баянауыл аудандық әкімдігінің өкілдері Павлодар облысында қайтыс болған отбасының үлкен қыздарына (17 және 18 жаста) жағдай жасалатынын айтты. Екеуі де Баянауылдағы колледже оқиды екен. Қыздар жатақханада тұрады.

«Қайтыс болған Бекбатыровтар отбасында қалған екі қызға көмек ретінде Баянауыл аудандық әкімдігі Баянауыл ауылынан 24 пәтерлі үйден бір бөлмелі пәтер береді. Сонымен қатар, болған жағдайға байланысты жастар орталығы қыздарға көмектесу үшін қаражат жинау үшін есепшот ашты», - деді Баянауыл аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің башсысы Нұрсұлтан Шайхин.

Облыс әкімі Болат Бақауов қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Бүгін біз үшін қайғылы күн. Баянауыл ауданындағы Ұзынбұлақ ауылында бір отбасы қайтыс болды. Бекбатыровтар отбасының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Жерлеу рәсімі және жақындарына қолдау білдіру мақсатында барлық қажетті көмек көрсетілетін болады», - деді Бақауов.

Облыс басшысы жергілікті тұрғындар арасында мұндай жағдай қайталанбауы үшін өрт қауіпсіздігі мәселесін түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау қызметіне және депутаттық корпусқа әлеуметтік әлсіз тұрғындарға әсіресе көпбалалы отбасыларға қажетті көмек көрсетуді тапсырамын», - деді Бақауов.

Еске салайық, Павлодар облысында жүкті әйел, оның азаматтық некедегі күйеуі және екі баласы газдан уланып қаза тапқан еді. Жергілікті денсаулық басқармасы өкілдерінің хабарына қарағанда, бұл жайт 6 ақпанда кешкі сағат 9-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ аулында болған.

Еске салайық, Павлодар облысында жүкті әйел, оның азаматтық некедегі күйеуі және екі баласы газдан уланып қаза тапқан еді. Жергілікті денсаулық басқармасы өкілдерінің хабарына қарағанда, бұл жайт 6 ақпанда кешкі сағат 9-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында болған.

Ведомство өкілдері қаза тапқан әйелдің екі баласы артында қалғанын айтты. Олар Баянауылда колледж студенттері екен. Қазіргі уақытта балалар Баянауыл әкімдік өкілдерінің қарауында.

Хабар 24 телеарнасы