389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте мектептің жанында оқушыны көлік қағып кетті

  • 668
  • UPD: 14:10, 08.02.2019
Шымкентте мектептің жанында оқушыны көлік қағып кетті

Кеше Шымкенттегі №7 мектептің жанында «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Оқыс оқиға Республика даңғылының бойында түскі уақытта болған. Мектептке кетіп бара жатқан баланы кенеттен шетелдік автокөлік жолға шығып кетіп, қағып кеткен.

Бала аман қалды, жазатайым оқиға орнында дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдеммен бала ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер апаттың барлық жағдайларын тексеру үстінде.

Хабар 24 телеарнасы