378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде жатақхана өртеніп бір адам қаза тапты

  • 417
  • UPD: 15:15, 08.02.2019
Семейде жатақхана өртеніп бір адам қаза тапты

Семейде кеше түнде қаладағы 5 қабатты жатақханалардың бірінде өрт шығып, 79 адам қауіпсіз жерге көшірілген, оның 20-сы балалар.

Өрт сөндірушілер қызыл жалын 1-қабаттағы бөлмеде тұтанып, 20 шаршы метр аумақ отқа оранғанын анықтаған. Дәліздегі электр жүйелері де өртенген.

Құтқарушылар келгенше 162 тұрғын өз бетінше шығып үлгеріпті. Барлығы 200-ден астам адам №35 орта мектепке уақытша орналастырылған. Өрт сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды, қазір оның кім екені тексеріліп жатыр. Тілсіз жауды сөндіруге өрт сөндіру қызметі мен әкімдіктің 19 техникасы, 53 маманы жұмылдырылған. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы