375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада діни экстремизммен күреске бөлінген ақша жымқырылды

  • 449
  • UPD: 18:11, 08.02.2019
Қызылордада діни экстремизммен күреске бөлінген ақша жымқырылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаржысын жымқырған тағы бір қызметкерді ұстады.

Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Ол діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде азаматтарды діни ағарту бойынша іс жүзінде жасалмаған жұмыстар үшін 2,1 миллион теңгені қоғамдық қорға аударған. Сөйтіп, лауазымын теріс пайдаланғаны үшін күдікке ілініп отыр. Тергеу жалғасуда», - деді А.Бердалин.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы