388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы тұрғын үйде газ жарылды

  • 880
  • UPD: 21:32, 08.02.2019
Петропавлдағы тұрғын үйде газ жарылды

Петропавлдағы Интернационал көшесі, 4 үй мекен-жайындағы 5 қабатты үйдің бесінші қабатында газ жарылды.

Өрт сөндіру қызметіне жарылыс туралы ақпар кешкі алтыдан сегіз минут кеткенде түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жетіп 42 адамды, соның ішінде 6 баланы қауіпсіз жерге шығарды.

«Қаза тапқандар және жарақат алғандар жоқ. Бірақ, жарылыс кезінде үйде қарт адам мен оның кішкентай немересі болған. Олардың денсаулығына зиян келген жоқ. Бірақ пәтер айтарлықтай зардап шекті, бөлмелердің қабырғалары құлады», - деп хабарлады СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Евгений Журавлев.

Хабар 24 телеарнасы