378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл тұрғыны сатып алған еттен шыққан инеден зардап шекті

  • 456
  • UPD: 22:14, 08.02.2019

Петропавлдық Ольга Белякова айдың, күннің аманында ет өнімінен зардап шекті. Ол шаһардағы сауда орындарының бірінен ірі қараның піскен тілін сатып алған. Сөйтіп, тағамға ауыз тигізген кезде ішінен иненің сынығы шығып, тіліне қадалыпты. Жәбірленуші тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығына арызданады. Ал мамандар қауіпті тағам кәсіпорында емес, үйде жасалғандығын анықтады. 

Ольга Белякова, қала тұрғыны:

- Ауруханаға жеткенше тілімнің оң жағындағы қан тамырлары ісіп кетті. Дәрігерлер бірден вирусқа қарсы дәрі берді. Егерде жұтып қойсам жағдай тіптен қиын болар еді. Енді үш айдан соң толықтай медициналық тексерістен өтуім керек. Өйткені бұл иненің инфекциясы бар ма, жоқ па оны ешкім білмейді. 

Надежда Дубовая, облыстық тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы:

- Кәсіпкер бұл өнімдерді жергілікті тұрғындардан сатып алып отырған. Тексеру барысында дайындаушының еш құжаты болмай шықты. Яғни мұны жасырын өндіріс деуге де болады. Қазір бұл іске қоғамдық денсаулық сақтау департаментнің мамандары араласты. Біз мұны жәй қалдырмаймыз. Сотқа дейін жеткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы