389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жолда қалған Өзбекстанның 54 азаматы құтқарылды

  • 568
  • UPD: 14:29, 10.02.2019
Ақтөбе облысында жолда қалған Өзбекстанның 54 азаматы құтқарылды

Ақтөбе облысы аумағында «Самара-Шымкент» жолы бойында жолаушылар автобусы бұзылып, жолда тұрып қалған. Автобус ішінде елу төрт Өзбекстан азаматы мен 3 жүргізуші болған.

Жолаушылар сол маңдағы Сарытоғай ауылына жеткізіліп, кемпингке орналастырылған. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекті қажет етпеген. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы