378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттік жас ана сауда орталығында босанып қалды

  • 214
  • UPD: 11:21, 11.02.2019
Шымкенттік жас ана сауда орталығында босанып қалды Олант

Шымкенттегі сауда орталықтарының бірінде әйелдер дәретханасында әйел босанып қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Сауда орталығындағы дәріханалардың біріне дәрі алмаққа кірген 23 жастағы Әйгерім есімді келіншектің толғағы басталған. Өзін жайсыз сезінген жас ана дәретханаға асыққан. Жедел жәрдемді шақырғанмен олар жедел жетіп үлгермеді. Санаулы минуттардан кейін дүниеге шыр етіп қыз бала келді. Ал жас ананы күзет қызметкері Ботакөз Алихан босандырып алған.

Қазір сәби мен оның анасы дәрігерлердің бақылауына алынды. Облыстық перинатальдық орталығында жатыр. Сауда-ойын сауық орталығының әкімшілігі балаға бір жылға жететін жөргек пен балалар қоларбасын сыйлауға шешім қабылдапты.

Хабар 24 телеарнасы