378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ҰБ офицері тұтқындалды

  • 247
  • UPD: 16:13, 11.02.2019
Қостанайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ҰБ офицері тұтқындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Қостанай облыстық департаментінің қызметкері пара алуға оқталды деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

«2019 жылы 7 ақпанда Қостанай мамандандырылған тергеу соты жедел тергеу тобының басшысы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі Т.Ж. Амантай  Қостанай облысы прокурорының орынбасары Қ.Мамаевтың келісімімен Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің жедел басқару аса маңызды істер жөніндегі офицері азамат Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қанағаттандырды», - делінген хабарламада.

Ведомство баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, ұсталған азаматқа ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады, яғни қомақты мөлшерде пара алуға оқталды деген күдік келген.

Хабар 24 телеарнасы