389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үстіне қақпа құлаған жас хоккейші жансақтау бөлімінде жатыр

  • 768
  • UPD: 22:19, 11.02.2019
Үстіне қақпа құлаған жас хоккейші жансақтау бөлімінде жатыр

Астанада үстіне қақпа құлап кеткен бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева мәлім етті.

«10 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің №2 қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем бригадасымен ес-түссіз, өте ауыр жағдайда 2009 жылы туған бала жеткізілді. Балаға шұғыл түрде операция жасалды», - деді Эльвира Жүргенбаева.

Оның айтуынша, жас хоккейші жансақтау бөлімінде жатыр, халі өзгеріссіз, өте ауыр.  

«Оған емдеу шаралары толық көлемде жүргізілуде», - дейді ол.

Айта кетейік, 9 жастағы ұл – балалар хоккей командасының мүшесі. Жаттығудан үзіліс кезінде балалардың бір бөлігі футбол ойнай бастаған. Сол кезде жас хоккейшінің үстіне қақпа құлап кеткен.

Хабар 24 телеарнасы