377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәтерден 10 миллион теңге ұрлаған қостанайлық ұсталды

  • 209
  • UPD: 11:04, 12.02.2019
Пәтерден 10 миллион теңге ұрлаған қостанайлық ұсталды Радио 7

Ұрлық 30 қаңтар күні Қостанайдағы №5 шағынауданда тіркелген.

Ер адам пәтерге еніп, ішіндегі 10 миллион теңге мен алтын бұйымдары жатқан сейфті қолды қылған. Шығынның жалпы көлемі 11 миллион теңгеге бағаланады. Полицейлер 30 жастағы күдіктіні қамауға алды. Ұрлық әрекеті «Пәтер» жедел алдын алу шарасы барысында ашылды. ОПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш күндік шара кезінде 33 пәтер ұрлығының беті ашылған, оның 13-і бірнеше жыл бұрын жасалған. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы