389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртауда 17 жастағы бозбаланы автобус қағып кетті

  • 484
  • UPD: 14:31, 12.02.2019
Теміртауда 17 жастағы бозбаланы автобус қағып кетті inform.kz

Теміртауда жасөспірімді автобус қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды облысы полициясы департаментіне сілтеме жасап.

«11 ақпан күні 59 жастағы ер адам жүргізген жолаушылар автобусы Мир көшесімен Металлург даңғылына қарай бара жатқанда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болып жүгірген 17 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті», - делінген хабарламада.

Оқыс оқиғадан зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізілген.

Тиісті сараптамалар белгіленді, олардың нәтижелеріне қарай процестік шешім қабылданады.

Хабар 24 телеарнасы