375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы дәмханадан 2,5 тонна сексеуіл тәркіленді

  • 271
  • UPD: 11:41, 13.02.2019

Ақтаудағы дәмханалардың бірінен салмағы 2,5 тонна болатын сексеуіл тәркіленді. Кәсіпкер шабуға заңмен тыйым салынған өсімдікті тамызық ретінде қолданған. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін де полицейлер қаладағы мейрамханадан 5 тонна сексеуілді тәркілеген еді. Бұл дерек те сотқа жолданып, күдікті айыппұл төледі.

Алатау бөктерінде Медеу және Бутаковка тау шатқалында қар көшкіні болды. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, абырой болғанда құрбан болған және жарақат алған ешкім жоқ.  200-ден 600 текше метрге дейінгі қар көшкіні осы аймаққа қатынайтын жолдың біразын жауып тастаған. Жауапты мекемелер жолдарды тазарту жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнына қар тазалағыш 5 ірі техника мен «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 9 жұмысшысы жұмылдырылды. Кеше түннен бері жаңбыр жауып, соңы  қарға айналды. Төтенше жағдайлар қызметі бірнеше күннен бері таулы аймақтарда қар жылжу қаупі бар екенін хабарлап отыр.

Алматыда жол апаты болды

Алматының Жансүгіров пен Ратушный көшелерінің ортасында минивен жеңіл көліктің үстіне шығып кетті. Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Delica жол ортасындағы бордюрге соғылып, қарсы бағытта келе жатқан  Hondа-ның үстіне шығып кеткен. Сол екпінмен бағанаға соғылған Mitsubishi, қарсы бағытқа өтіп барып, тоқтаған. Жол апатынан жарақат алған Delica-ның жүргізушісіне дәрігерлер көмек көрсетті. Оның айтуынша, көлік апатына тайғақ жол себеп болған.

Павлодар облысында көліткердің соқтығысуынан 1 адам қаза тапты

«Омбы-Майқапшағай» автожолында «Тойота» және «Фольксваген-Гольф» автокөліктері соқтығысып, оқиғадан екінші көліктің 37 жастағы әйел жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал, «Тойотаның» 40 жастағы жүргізушісі ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-ші бабы бойынша алдын ала тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Астанада пәтер ұрылары қолға түсті

Астанада пәтер тонады деген күдікпен екі ер адам тұтқындалды. Қала тұрғынынан түскен шағым бойынша, жедел іздестіру шараларын жүргізген Астана қаласы «Есіл» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Астана-Қостанай тас жолында көлікке жасырынбақ болған екі күдіктіні қолға түсірген. Анықталғандай, Қостанай облысының 28 жастағы екі тұрғыны бұрын да осындай қылмыстары үшін жауапқа тартылған. Пәтерден ұрланған заттар иесіне қайтарылды. Сондай-ақ тұтқындалғандар осыған  дейін түнде азық-түлік дүкеніне кіріп, төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған. Ұрлық фактілері бойынша, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қостанай облысында ақша ұрлаған адам ұсталды

Қостанай облысының полицейлері «Пәтер» жедел-іздестіру шарасын өткізді. Нәтижесінде пәтер есігін бұзып, ақша салынған сейфті ұрлаған ер адам тұтқындалды. Онда 10 миллион теңге және алтын бұйымдар сақталған. Қолға түскен 30 жастағы азаматтың облыс орталығында тұратыны анықталды. Сонымен қатар жедел іздестіру шарасы аясында полицейлер Құсмұрын ауылындағы дүкеннен ақша ұрлаған тағы бір азаматты тұтқындады. Шығын көлемі 600 мың теңгені құрады , - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жедел іздестіру шарасы барысында ұялы телефон ұрлығы ашылып, 9 телефон иелеріне қайтарылды. «Пәтер» жедел іздестіру шарасы жүргізілген 3 күнде полицейлер 33 пәтер ұрлығын ашты.

Хабар 24 телеарнасы