378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақсуда ер адам мектепте газ шашып, бұрынғы әйелінің қос жанарын зақымдады

  • 206
  • UPD: 11:40, 13.02.2019
Ақсуда ер адам мектепте газ шашып, бұрынғы әйелінің қос жанарын зақымдады pavlodarnews.kz

Ақсуда ер адам мектепке кіріп кетіп, бұрынғы әйеліне баллоннан белгісіз сұйықтықты шашқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Ақсу қаласының полиция бөлімшесіне №8 мектептен шақырту түсті», - дейді баспасөз қызметінде.

12 ақпан күні сағат 10-да 37 жастағы ер адам мектептің ішінде белгісіз сұйықтық бар баллонды бұрынғы әйеліне шашыратқаны анықталды. Әйел адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Екі көзінің қасаң қабығын химиялық күйік шалу диагнозы қойылды.

Ерлі-зайыптылардың арасында ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен қамқорлыққа алу бойынша жанжал орын алған.

Хабар 24 телеарнасы