378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да 3 елікті атып алған браконьер ұсталды

  • 223
  • UPD: 13:39, 13.02.2019

Солтүстік Қазақстандық полицейлер заңсыз үш бірдей елікті атқан күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жабайы жануарларды Смирнов мемлекеттік табиғи қорығынан Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны атып алған. Қазір аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 160 АЕК көлемінде мемлекетке айыппұл  төлейді не болмаса 45 тәулікке қамалуы мүмкін.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша ақпанның 8-і күні Текелідегі қалалық ауруханада пышақ жарақатынан 53 жастағы ер адам көз жұмды. Дәл осы ауруханаға марқұмның баласы да дене жарақатымен түскен. Белгілі болғандай әкелі-балалы азаматтар жергілікті дүкендердің бірінде белгісіз ер адаммен ерегесіп, соңында оларды пышақтаған. Алматы облыстық полиция департаменті  қылмыс жасаған күдікті қолға түсіп, уақытша қамауға алынғанын хабарлады.  Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 106-шы бабы яғни, «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның 27 жастағы ұлы дәрігерлердің көмегінен кейін үйінен емделуге рұқсат алған.

Хабар 24 телеарнасы