377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада кеңсе ғимараты өртке оранды

  • 325
  • UPD: 23:51, 13.02.2019
Астанада кеңсе ғимараты өртке оранды

Астанада құрылыс компаниясының екіқабатты кеңсе ғимараты өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар оқиға орына 5 минутта жеткен. Қызыл жалын әп-сәтте нысанды толығымен шарпып үлгерді. Отты ауыздықтауға 65 құтқарушы мен 16 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жайлы мәлімет жоқ. Ал өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Кей дереккөздері оқиға орнына жедел жәрдем көліктерінің келіп жатқанын хабарлауда.

Тағы бір ескеретін жайт, отқа оранған нысанның маңында көпқабатты үйлердің құрылысы жүріп жатқан болатын. Оларға нұқсан келген-келмегені де әзірге беймәлім.

 

Хабар 24 телеарнасы