375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда үш қабатты әкімшілік ғимараты өртенді

  • 94
  • UPD: 08:42, 14.02.2019
Оралда үш қабатты әкімшілік ғимараты өртенді

Оралда «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ қарасты 3 қабатты әкімшілік ғимаратында өрт шықты.

Өрт ғимараттың ас үй бөлігінде тұтанған және 50 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Өрт сөндірушілер келгенге дейін кәсіпорынның 15 жұмысшысы қауіпсіз жерге шығарылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың хабарлауынша, оқыс оқиға туралы хабар 21:10-да түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем стансасының 4 бірдей жасағы жұмыс істеді. 

Өрттен зардап шеккен 3 әйел адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Апатты ауыздықтауға облыстық ТЖД-нің 15 арнайы техникасы мен өрт сөндіру бөлімдерінің 55 қызметкері жұмылдырылды. Нәтижесінде, тілсіз жау сағат 22:02 шамасында  ауыздықтады. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр бұйымдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік  ережелерінің сақталмауы себеп болған.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы