378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда екі ер адам мен бір бала иіс тиіп қаза тапты

  • 267
  • UPD: 15:17, 15.02.2019

Бүгін түнде Талдықорғанда улы газдан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 4 жасар бала, 72 жастағы кейуана және оның күйеу баласы. Ал 2011 жылы туған бір бала қазір ауруханада жатыр. Қара жамылған отбасы қаладағы жекеменшік үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрған. Яғни ауладағы шағын баспананы паналаған. Олар үйді көмірмен жылытқан. Соған қарағанда ажалға улы газ себеп болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Жергілікті билік жедел көмек беріп, марқұмдарды жерлеуге байланысты жұмыстарды қолға алып жатыр.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың басына бері Алматы облысында 170 өрт болып, иіс тиіп уланудан 47 оқиға тіркелген. Салдарынан 8 адам қайтыс болды.

Азамат Жұртбаев, Алматы облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Осы ақпан айында біздің қызметкерлер барып үгіт-насихат қағазын қолына берген болатын үйдің иесіне. Соған қарамастан осындай оқиға орын алып отыр. Алдын ала болжам бойынша, жылыту пешінің мұржасы бітеліп қалған. Сол себептен иісті газдан уланып 3 адам қаза болды.

Хабар 24 телеарнасы