375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудың балабақшасындағы оқиғаға қатысты тексеру басталды

  • 579
  • UPD: 07:47, 16.02.2019

Ақтаудағы жекеменшік бөбекжайда болған дауға қатысты қызметтік тексеру басталды. Бұл туралы қалалық білім бөлімі сектор меңгерушісі Бағдат Тұрғанбаева мәлімдеді.

Қызмет орынында басынан жараланған тәрбиеші туралы әуесқой түсірілім әлеуметтік желіге таралған еді. Зәбір көруші балаларға тамақтың аз берілуінің себебін басшыдан сұраған. Айтуынша, таңғы аста әр бүлдіршін бар-жоғы бір қасық ботқа жейді. Сондай-ақ бір құты компотты 20 бала бөліп ішеді. Ал демалыс уақытында үш сәби бір кереуетке жатады. Мұны естіген іскер әйел тәрбиешіге жұдырық ала жүгіріп, басынан стақанмен ұрған. Осы деректердің растығы қызметтік тексеруден соң белгілі болады. Әзірге жекеменшік бөбекжай уақытша жабылды.

Бағдат Тұрғанбаева, қалалық білім бөлімі меңгерушісінің м.а.:

- Оқиға болған «Айналайын» балабақшасы 2017 жылдың ақпан айынан бері қызмет атқарып келеді. Баланың орын саны 40. Бүгінгі таңда 3 жасқа дейінгі 33 бала тәрбиеленуде. Осы уақытқа дейін аталған балабақша туралы ешқандай шағым түскен жоқ. Мемлекет тарапынан тапсырыс алып отырған жоқ. Бүгінгі инцидент бойынша құзырлы органдармен бірлесе комиссия құрылды. Бүгіннен бастап балабақша қызметін тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы