378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада аккумулятор ұрлады деген күдікпен топ ұсталды

  • 319
  • UPD: 10:00, 16.02.2019
Астанада аккумулятор ұрлады деген күдікпен топ ұсталды

Астанада полиция қызметкерлері аккумулятор ұрлады деген бір топ күдіктіні ұстады. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер бұрын қолданылған аккумуляторларды қабылдау нүктесін анықтады. Ол жерде 188 жүк және жеңіл автокөліктің аккумуляторы табылды, олар тексеріс үшін тәркіленді.
Сондай-ақ жеке кәсіпкерге қатысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция департаменті өкілдері көлік иелеріне аккумулятор батареяларына көліктің мемлекеттік номерлік белгісін немесе төмен жағына ұялы телефон нөмірін жазып қоюға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы