375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 9 қабатты үй өртенді

  • 296
  • UPD: 15:21, 16.02.2019
Алматыда 9 қабатты үй өртенді

Алматыда көп қабатты үй өртеніп, елу адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

«16 ақпан күні 13:38-де Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Медеу ауданы Гоголь көшесі, 75-үйдегі пәтерлердің бірінің балконынан өрт шыққаны туралы хабар келді. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі 13:44-те оқиға орнына жетті», - деп мәлімдеді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Ақпаратқа сәйкес, 9 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің балконында тұрған заттардан өрт шығып, артынша үйдің ішіне енген. 50 адам, соның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің нәтижесінде тілсіз жаудың жоғарыдағы пәтерлерге таралуының алды алынды. Жалын шарпыған аумақ 25 шаршы метр. Өрт 13:54-те ауыздықталып, 14:01-де толықтай сөндірілді. Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеген.

Хабар 24 телеарнасы