378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде өрттен 35 адам эвакуацияланды

  • 252
  • UPD: 15:49, 17.02.2019
Ақтөбеде өрттен 35 адам эвакуацияланды

Ақтөбеде тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Кемер» дәмханасынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды.

«Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан тұрғын үйдің бірінші қабатындағы «Кемер» дәмханасынан өрт шыққаны туралы хабар келді. Оның асханасында тұтанған өрт шатырға өтіп, 8 шаршы метрді жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер 35 адамды қауіпсіз жерге көшіріп, 5 адамды, соның ішінде бір баланы құтқарды», - делінген хабарламада.

Өрт 22:24-те ауыздықталып, 22:30-да толықтай сөндірілді. Ешкім зардап шекпеген. Өртті сөндіруге 14 адам және 4 техника жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы