378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арқалық-Жезқазған жолында қар құрсауынан 14 адам құтқарылды

  • 251
  • UPD: 20:37, 17.02.2019
Арқалық-Жезқазған жолында қар құрсауынан 14 адам құтқарылды

Арқалық-Жезқазған тас жолында қар құрсауында қалған 14 адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін сағат 09:00 шамасында облыстық ТЖД кезекші бөліміне «Арқалық-Жезқазған» тасжолында 2 жеңіл көліктің тұрып қалғаны туралы хабар түскен.

«Жалғызтал ауылынан 15 шақырым жерде Toyota «Corolla» және «Газель» маркалы екі автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көліктердің ішінде барлығы 14 адам болды», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Оқиға орнына Арқалық қаласы Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды. Олар арнайы көліктермен жолды тазалап, адамдарды эвакуациялады. Құтқарушылар тобы құтқарылған адамдарды Арқалық қаласына жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы