375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар маңында жол апатынан көлік бөлшектеліп қалған

  • 264
  • UPD: 22:24, 17.02.2019
Павлодар маңында жол апатынан көлік бөлшектеліп қалған

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты және төрт адам зардап шекті. Соққы салдарынан жеңіл көлік бірнеше бөлікке бөлінген. 

Оқиға 17 ақпанда таңғы 10:27-де Омск-Майқапшағай тас жолында болған. Павлодардан 43 шақырым жерде Набережный ауылының маңында Ford және Honda автокілктері соқтығысқан. 

«Жол апаты салдарынан Honda автомобилінің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушілер мен Ford көлігінде отырған екі жолаушы әр түрлі дене жарақатымен Павлодар ауруханасына жеткізілді», - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қайтыс болған екі азамат Достық ауылының тұрғындары – 1975 және 1978 жылғы. Зардап шеккендер 58-63 жас аралығында, оның екеуі Ертіс ауылының тұрғындары, тағы екеуі павлодарлық. Олардың бас сұйек миы зақымдалған, миы шайқалған және политравма алған. Зардап шеккен төрт адамның жағдайын дәрігерлер орта деңгейде ауыр деп бағалады. Полицейлер оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы