378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

  • 292
  • UPD: 23:36, 17.02.2019
Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

«Қарағанды-Атасу» тас жолында жантүршігерлік көлік апаты болды. Оқиға салдарынан төрт адам қаза болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

17 ақпан күні сағат 17:00 шамасында Ақой кентінен 15 шақырым қашықтықта Қарағанды қаласына келе жатқан 35 жастағы «Ауди-100» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қарсы жолға шығып кетіп, «Мазда» автокөлігімен соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша апат көктайғақ салдарынан болған. «Ауди-100» автокөлігінің төрт жолаушысы оқиға орынында көз жұмған, ал «Мазда» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Хабар 24 телеарнасы